Біз ҰБТ-ның соңғы үкім болмауы үшін жұмыс істеп жатырмыз - Назарбаева
- author «Ақ жол»
- 5 ақпан, 2016
- 591
Дариға Назарбаева ҰБТ-ның соңғы үкім болмауы үшін жұмыс істеп жатқандарын айтты. Бұл туралы ол ҚР Білім және ғылым министрлігі ұжымының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
"ҰБТ қазір балалар үшін де, ата-ана үшін де моральдық және психологиялық проблема болып отыр. Жыл сайын емтиханның жауабы шығатын кезде қатты уайымдаймыз. ҰБТ-ның соғысқа ұқсас болмағанын қалаймыз. Тұрсынбек бір әзілінде ҰБТ болатын кезде ата-ана, оқушы, мамандардың схема құратынын айтты. Біздің халық бұл жағынан өте дарынды. Сондықтан да шын талантты, білімді оқушының оқуға түсу жолында кедергі болмас үшін жұмыс істейміз. Бұл жүйені ыңғайлы еткіміз келеді. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Назарбаева. Ол ҰБТ жүйесін тиімді ету үшін идея айтуға шақырды. "Біз мектептердегі білім деңгейі туралы нақтырақ мәлімет алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен ҰБТ мектеп жұмысының сапасын 100 пайызға көрсете алмайды. Оған қосымша бірнеше көрсеткіш болуы керек. Сондықтан да өздеріңіздің ұсыныстарыңызды айтыңыздар", - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




