Жапония, АҚШ, Нидерланды генетиктері адамның қасқабастануының генетикалық себептерін тапты.
Зерттеу нәтижелерін авторлар Science журналына жариялады.
Генетиктер адамдарда (әдетте ересек жаста) шаштың түсуі шаш түйіншесіндегі тін жасушасының қызметі тоқтауымен байланысты деген тұжырымға келді.
Ғалымдар тышқанға тәжірибе жасады. Олардың ағзасы адамдарға қарағанда, жүннің түсуін тиімді көтере алады. Генетиктер тышқандардың қартаюын жылдамдатып, осылайша шашты жоғалтуға әкелетін себептерді бақылауға тырысты.
18 айда ғалымдар тышқандардың терісінің, түкті бөліктерін бақылап отырды. Тін жасушаның қысқаруына байланысты кәрілік шаштың түсіп, бастың тақырлануына алып келген.
Ғалымдар мұның себебін шашты жамылғының дегенеративті өзгерісін ынталандыратын ДНК-ның зақымдануынан көреді. Мамандар COL17A1 генінің белсенділігі шаштың тақырлануына алып келетінін анықтады.
Бұл ген жасушалық жарғақша арқылы заттар тасымалдауды қамтамасыз ететін трансжарғақшалық ақуыздардың бірін бұғаттайды және бұл ген адамның сыртқы келбетінің жеке ерекшеліктеріне жауапты.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




