Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары құрастырған роботтары мүмкіндігі шектеулі жандарға көмегін тигізеді. Физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын білім ұясының шәкірттері болашақта тіпті өздігінен жүріп тұра алмайтын жандарға арнап, сөйлей алатын робот та құрастырмақ, деп жазады 24.kz.
Жас өнертапқыштар Lego ойыншықтарынан қол протезін де жасап шығыпты. Оның темірге қарағанда салмағы жеңіл әрі иілгіш келеді. Тағы бір ерекшелігі жасанды қолды, адамның бұлшық етіне операция жасап орнатудың қажеті жоқ. Тек арнайы сенсордың көмегімен миға не жүйке жүйесіне жалғаса болғаны. Адамның су ішкісі келіп, аузы құрғағанда қол робот автоматты түрде өздігінен стақанмен су береді. Тың туындыларын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған жас өнертапқыштар бұл роботтар мүгедек жандардың қоғамнан шет қалмауына көмектесетініне сенімді.
«Бұл роботтар тек қана физикалық тұрғыдан көмектесіп қана қоймай, психологиялық тұрғыдан да көмектесе алады. Егер оған дауыс сенсорларын қоятын болсақ, олар сөйлей алады және адамдарға рухани қолдау көрсетіп отырады», - дейді физика-метематика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Абылай Ільясов.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




