Бизнес қоғамдастықтары өкілдерінің назарына
Бүгінде алыс және жақын шетелдерде халықаралық террористік ұйымдардың ықпалымен жүргізілетін көптеген террористік актілердің салдарынан елеулі адам шығындары орын алуда. Осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және болдырмау, терроризмге қарсы тұру мақсатында адамдар жаппай көп жиналатын террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін нығайту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мүмкіндігінше барлық қажетті шараларды қабылдауда. Террористік ұйымдардың әрекеттерінен мәртебелілігіне немесе тәуелділігіне қарамастан, кез-келген азамат зардап шегуі мүмкін. Мәселен, экономикасы мен мәдениеті дамыған Францияның Париж қаласындағы «Le bataclan» театрында орын алған террористік актілердің салдарынан 130 адам қаза болса, Тунистегі «Raddison» қонақжайында болған жарылыстан 30 адам, Стамбұлдың орталығында болған жарылыстан 10 адам қаза болды. Осы тарапта, әлемде тұрақсыз жағдайлардың орын алуына байланысты ҚР Үкіметі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара әрекеттесе отырып, орта және кіші бизнес салаларының қаржылай мүмкіндіктеріне сараптама жүргізіп, 2015 жылғы 3 сәуірде «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №191 қаулысын қабылдады. Террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарында адамдар жаппай көп жиналатын нысандардың техникалық нығайтылуына (бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі, дабыл және хабарландыру жүйелері және тағы басқалар) жұмсалатын қаражат шығындары барынша төмендетілген. Құрметті бизнес қоғамдастықтарының өкілдері! Осыған байланысты, өздеріңізге тиесілі сауда және спорт кешендері, базар, қонақжай, мейрамхана, кафе, демалыс орталықтарының терроризмге қарсы қорғалуы бойынша жоғарыда аталған Үкімет қаулысының талаптарын сапалы және көрсетілген мерзімде іске асыруларыңызды сұраймыз. Ескерту: ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» №191 қаулысының мәтінін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі арқылы қарауға болады.
Жамбыл облыстық терроризмге қарсы комиссиясы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді