Ұйықтар алдында кофе ішу денсаулыққа зиян екені белгілі. Тәтті тағамдарды жеу де қандағы қант мөлшері көтерілуіне әкеп соғады. Бірақ кейбір пайдалы тағамдардың өзі түсімізге кері әсерін беретінін бәріміз біле бермейміз.
Мичиган университетінің зерттеуі бойынша, кейбір көкөністерді түскі астан соң жеудің қажеті жоқ. Мысалы,брокколи және гүлді қырыққабат дәруменге бай болғанымен, олар тағамдық талшықтарға да толы. Олар ұзақ қорытылып не толық қорытылмай, газ түзіледі. Сондықтан, оларды ұйықтар алдында кешкі аста жеп алсаңыз, ағзаңыз бұл пайдалы тағам түрін сіңіруге ұзақ уақыт кетіріп, ұйқыңыз үзіліп, беймаза күй кешесіз.
Кешке ет жеуге бола ма? Малдан алынатын ақуызы жоғары ет тағамдары да осыған ұқсас әсер береді. Мысалы: шұжық, котлет, стейк.
Томат тұздығын да кешкі асқа қолданудың қажеті жоқ. Ол томат тұздығы қосылған пицца немесе макарон бола ма, маңызды емес. Томаттың қышқылдығы жоғары болғандықтан, таңғы қыжыл (изжога) немесе асқазан ауруы болуы мүмкін. Таңертең еш жеріңіз ауырмас үшін қызанақ қосылған тағамды ұйықтар алдында кем дегенде үш сағат бұрын жеу қажет.
Ірімшік және шұжық. Шұжық туралы жоғарыда айттық. Шұжық та ірімшік секілді құрамында тирамин және аминқышқылы көп болғандықтан, асқазанды қыздырады. Соның себебінен таңертең ұйқыдан тұру қиынға соғады.
Қара шоколад. Бір плитка шоколад бір стақан кофемен тең. Ұйықтар алдында шоколад жеу ұйқысыздыққа әкеледі. Сондықтан шоколадты бойыңызға күш беру үшін таңертең не күндіз жеген жөн.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді