Қытайдың салтанатты шеруіндегі мініске Іле жылқысы таңдалып алынды
- author «Ақ жол»
- 3 ақпан, 2016
- 698
Қытайдың салтанатты шеруіндегі мініске Іле жылқысы таңдалып алынды.
Бұдан былай Қытайдың мемлекеттік салтанатты шараларына Іле жылқысы ғана мініледі. Негізінен қазақтар көп шоғырланған аймақтағы бұл жылқының тұрқы биік, шыдамды келеді. Оны халық арасында Іле қазақ жылқысы деп те атайды. Бұл туралы «Шыңжан» жаңалықтары басылымы жазды. Бейжіңде қаңтар айында жылқы шаруашылығы қауымдастығының отырысы өткен. Жиында Қытайдың салтанатты шеруге арналған жылқы түрін таңдау мәселесі қаралған. Талап бойынша, жануар бойының биіктігі - 1 метр 60 см, түрі қара немесе қара торы болуы шарт. Мамандар өзара ақылдаса келе көптеген жылқы тұқымының ішінен қазақтың Іле жылқысын таңдайды. Түрлі спорттық сайыстарда жеңімпаз атанып, көзге түсіп жүрген жануардың бұл түрі тұрқы биік, мінезі жұмсақ, үйретуге жеңіл болып келеді екен, деп жазады 24.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




