Қазақстанда жұмыссыздық деген болмауы керек. Бүгін "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде сөз сөйлеген ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Қазақстанда жұмыссыздық деген болмауы керек. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент елімізде тиісті бағдарламалар мен қаржылық қолдау тетіктері қамтылғанын, сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасын» өзектендіру арқылы еңбек адамдарына қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру арқылы алдағы бірнеше жылдың ішінде 400 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берілетінін еске салып өтті.
«Бұл тақырып әр ел үшін маңызды мәселе. Тек ағымдағы 2016 жылы республикалық бюджеттен осы мақсаттарға 225 млрд. теңге сомасында арнайы резерв қарастырылған», - деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздық шырмауында екенін, 1 млрд. 700 миллион адам еңбекке қабілетті екенін айта келе, тек 1,2 млрд. адам барша әлемде тұрақты жұмыспен қамтылғанан атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді