Нұртас Адамбай Тараз қаласы туралы фильм түсірмек
Танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай туған өлкесі Тараз қаласы жайында фильм түсірмек. Фильм “Тараз” деп аталады.
Актер кино желісін өмірден алған. Онда тоғысқан тағдырлар, достық, адалдық, батылдық, намыс жайлы баян етіледі.
“Туған қалам мені көп нәрсеге үйретті. Фильмде қарапайым адамдардың қиын тағдыры көрсетіледі. Бұл қала маған жақсы тәрбие берді. Осы кино арқылы Таразға деген ризалығымды білдіргім келеді”, – дейді Нұртас Адамбай.
Актер фильмнің комедиялық туынды болмайтынын айтып өтті. Шығармашылық ұжым жақсы дүние шығару үшін барын салуға уәде берді. Түсірілім жұмыстары көктемге жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




