Швейцария елдің барлық азаматтарына айына 2500 еуро төлеуге ниетті
- author «Ақ жол»
- 1 ақпан, 2016
- 509
Швейцарияда маусым айында барлық кәмелет жасына жеткен азаматтарға ай сайын 2,5 мың франк төлейтін заң қабылдауы мүмкін.
Бұл сома қазіргі бағамға шаққанда, 2,5 мың еуро. Балаларға төлем 625 франкты құрайды. Бұл Швейцарияда жыл сайын осындай төлемдерге 208 млрд. франк шығындайтынын білдіреді. 150 млрд франкты ел бюджетінен, ал 55 млрд франкты әлеуметтік сақтандыру қорларынан алуды ұсынды.
Бұл заң жобасы мақұлданған жағдайда, Швейцария өз азаматтарына ең төменгі ай сайынғы табыс ұсынатын алғашқы ел болады, деп атап өтеді Independent.
Demoscope компаниясы бұдан бұрын швейцарлықтар арасында зерттеу жүргізді, оған 1076 адам қатысты. Олардың тек 2 пайызы ғана егер ай сайынғы төлем тағайындалса, жұмыстарын тастауға әзір екендіктерін айтқан. Ал 8 пайызы жұмыстарын жалғастыра ма, жоқ па әзірге білмейтіндерін белгілеген, 56 пайызы заң жобасы мақұлданбайды деп санайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




