Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің 2 дүркін чемпионы.
Қазақстан дербес ел болғаннан бері басқа салалармен бірге қазақ спортының, оның ішінде қазақ күресінің де мерейі асты. Елбасы қамқорлығы мен мемлекет қолдауының арқасында спортшылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығын толайым табыстармен қарсы алды. Мен ғана емес, осы съездің делегаттары Ұлан Рысқұл, Геннадий Головкин, Илья Ильин, Серік Сәпиев және басқа да чемпиондардың барлығы Елбасының қамқорлығымен әлемдік табыстарға жетті. Тәуелсіздіктің 25 жылында талай байрақты бәсекелерде көк туымызды биікте желбіретті. Қазақ күресі соңғы уақытта ерекше қамқорлыққа ие болып, әлемге танымал спорт түріне айналды. Былтырғы жылы «Қазақстан барысы» атанғанда Елбасы қолынан алған алтын тайтұяқ спорттық жолымдағы ең үлкен мәртебем екенін мақтанышпен айта аламын. Ата-бабамыздан мирас болып қалған қазақ күресінің ортамызға қайта оралып, халықтың көзайымына айналғаны жастарды патриоттық қасиетке баулуда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- Бүгін, 16:53
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- Бүгін, 16:40
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




