Таразда төртінші қабаттың балконында қамалып қалған баланы көршілері құтқарып алды
- author «Ақ жол»
- 29 қаңтар, 2016
- 699
Желіде бүлдіршіннің төртінші қабаттың терезесінде тұрған сәті бейнеленген видео жария болды, оқиға Таразда болды делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Youtube парақшасында роликті MixedLine жария етті. Кадрлардан бүлдіршіннің көпқабатты үйдің алып тасталған балконында тұрғаны бейнеленген, киімі де жұпыны. Видео сипаттамасында автор оқиғаның Тараз қаласындағы бесінші ықшамауданында болғанын жазады. Видео "Мать в наказание вывела на балкон ребенка стоять и мерзнуть. г. Тараз, Казахстан" деп аталады. Жамбыл облытық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері видеоның Таразда түсірілгенін растады, видеоны көшедегілер түсіріп алған. "Бұл пәтерде тұрмысы нашар отбасы тұрады, ПБ-1 есебінде тұр. Жанұяда әжесі, шешесі және үш баласы бар. Әкелері жоқ. Анасының тұрақты жұмысы жоқ, кездейсоқ табыстары бар, кейде бірнеше күн бойы үйінде болмайды. Әжелерінің зейнетақысына өмір сүреді. Бұл күні әжесі дүкенге шығып кеткен, ал балалар ойнап жүрген, 2008 жылғы бала тығылып қалады, ал балконға ұқсас орынның есігі құлыпталып қалған, ол есікті аша алмай қойған. Шошып кетіп, жылай бастаған. Көршілер полицияны шақыртқан, бірақ патруль келгенше есік ашылып, бала үйге кірген", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




