«Наурыз», «Бүркітпен аң аулау» ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізіледі
- author «Ақ жол»
- 28 қаңтар, 2016
- 766
Қазақстан «Наурыз» мейрамы мен «Бүркітпен аң аулау» өнерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұxамедиұлы мәлім етті. «2015 жылғы желтоқсан айында ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізімі «Айтыс - импровизация өнері» номинациясымен толықты. Аталған номинация «Дәстүрлі домбыра күйін орындау өнері», «Қазақ және қырғыз киіз үйлерін жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» номинацияларымен қатар ЮНЕСКО-ның жоғарыда аталған тізімінде үшінші номинация болды. Ендігі кезекте «Наурыз», «Бүркітпен аң аулау» және т.б. номинациялары жоспарланып отыр», - деп атап өтті министр.
Айта кетейік, министрліктің алқа мәжілісі мемлекеттік органның 2015 жылғы жұмысының нәтижелері және 2016 жылға қойылған міндеттер талқыланды. Оның жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, министрлік басшылығы, комитеттер төрағалары мен департамент директорлары, БАҚ қатысқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




