Қанат Арыстанбеков, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары.
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 13-қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру қажеттігі айқын көрсетілген. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызмет бойынша жаңа заң күшiне ендi, мемлекеттік қызметтің этикалық кодексі өңделді, онда мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысының белгіленуіне, біліктіліктің негізінде мансаптық өсу, іріктеу негізінде ашық конкурс өткізу жолдары нақтыланған. Тіпті, мемлекеттік қызметкердің жұмыста және тұрмыста мінез-құлықтарының стандартты регламенті белгіленді.
Бұл талаптар «Б» корпусы қызметкерлерінің біліктілігін көтеріп, жұмыс сапасын арттырып қана қоймайды. Осы арқылы қызметшіні мінез-құлқын тізгіндей алуға итермелейді. Жең ұшынан жалғасатын жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қояды. Биылдан бастап күшіне енген заңдық құжаттарда мемлекеттік қызметте жоғары мәдениетті қарым-қатынастарды қалыптастыру көзделген. Мемлекеттік қызметкерлердің әдепсіз мiнез-құлықтық жағдайларын ескерту үшін мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін күшейтуге бағытталған. Этикалық кодекс басшылардың қызметкерін бағынышты санауына тоқтам сала отырып, жемқорлықтың жолын кеседі. Жалпы, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қызметке орналасуда «төте» жолдардың жолын кеседі. Заңға сәйкес мемлекеттік қызметте мансаптың жоғарылауы аталған қызметтегі дәрежесіне, ал мемлекеттік қызметке түсу кешендi сұрыптаудың нәтижелерiне байланысты болады және қызметтік саты тек төменгi лауазымдардан басталады. Этикалық кодексте мемлекеттік қызметкерлердің қызметтен тыс уақытында, әріптестері, басшылары және қоласты қызметкерлерімен қарым-қатынастарды, мүдделер қақтығысының болмауына мінез-құлықтық стандарты көрсетілген. Жаңа талаптарға сай, шенеуніктер ортасында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша қатаң шаралар қарастырылған. Енді мемлекеттік қызметші үйде де, түзде де тәртіпті сақтауы шарт. Бұдан былай басшылар «Ар-намыс кодексі» емес, «Әдеп кеңесінде» жазылған талаптарды ұстанады. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің мансабы, оның біліктілігі және жинақтаған тәжірибесін ескере отырып өсіріледі. Мансаптық сатының әр баспалдағында ол өзінің кәсіби жарамдылығын дәлелдеп отырады. Яғни, мемлекеттік қызмет саласына мансаптық өсуге меритократия қағидаты енгізілмек. Ұлт жоспарының практикалық кезеңі осындай өзгерістермен басталды. Нақтырақ айтқанда, қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды. Елбасының Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік құрылды. Алдағы уақытта оның құрамында Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы жұмыс істейтін болады.
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді