Қалдықыз Әбдіқадырова, мұғалім.
Әлемді шарпыған дағдарыс кез-келген мемлекетке оңай тиіп отырған жоқ. Өйткені, қазір барлық елде қаржы тапшылығы шындап сезіле бастады. Осындай дағдарыс салқыны сезілген аумалы-төкпелі уақытта экономикалық қиындықтарды ел болып еңсеріп, мемлекеттегі тұрақтылықты сақтап қалу қазақстандықтар үшін айрықша маңызды Мемлекетімізді алда атқарылуы тиіс ауқымды істер мен әлемде дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті күтіп тұр. Сондай-ақ, Елбасымыз ұсынған Ұлт жоспарындағы 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадамның» орындалуы, яғни мемлекеттің кәсібилендірілу жүйесін жетілдіруге де байланысты болмақ. Ол үшін бізге жаңа Заңдар қажет. Алғашқылары өз күшіне еніп те үлгерді. Әйтсе де, заңды қабылдайтын Парламент болғандықтан, оның құрамы білікті әрі жауапкершілігі жоғары депутаттармен толығуы тиіс. Сондықтан да, мемлекетіміздің дер кезінде жаңа Парламент құрамын жасақтап, мерзімінен бұрын сайлау өткізуін орынды бастама деп есептеймін. Себебі, бұл – уақыт талабы әрі тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін жасалған маңызды қадам. Бұған дейін де халық қалаулыларының өз міндеттерін мінсіз атқарғанына күмәніміз жоқ. Дегенмен, осы сайлау жаңаша көзқарас пен біліктілігі жағынан жоғары дәрежедегі депутаттардың ел мүддесі үшін жұмыс істеуіне үлкен септігін тигізбек. Тағы бір айта кетер жайт, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі депутаттарды бір мезгілде сайлау – қаржы үнемдеуге айтарлықтай ықпал етпек. Қысқасы, Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы ел әлеуетін арттырумен қатар, мемлекеттік стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асырылуына серпін беретініне сенімдімін. Сол үшін де, аталған саяси науқан жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын бастама деп нық сеніммен айта аламын.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді