Нәби АГАЛИЕВ, «Агали» шаруа қожалығының төрағасы.
Бүгінде әлемдік дағдарыстың салқыны барша елдерді қамтуда. Қай мемлекеттің де осы дағдарыстан шығуды ойластырып, жанталасып жатқан жайы бар. Ал біздің елімізде экономикамыздың өсуі мен бейбіт тұрақтылық сақталып отыр. Дағдарысты еңсерудің ең әлеуетті күші де осы болмақ. Президентіміз ел алдына асқаралы міндеттер қойды. Соның ішінде, әсіресе, 5 институттық реформаның орны бөлек. Ендігі жерде мемлекеттің жүйесі осы реформаға сәйкес дамуы керек. Ал демократиялық мемлекетте жұмыс істеу дегеннің өзі – Заңмен жұмыс істеу деген сөз. Заң сапалық жағынан ең жоғары дәрежеде болуы тиіс. Оны қабылдайтын – Парламент. Парламент – мемлекеттік биліктің бір тармағы. Сол себепті, заңды қабылдайтын депутаттардың жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Қазіргідей қиын-қыстау жағдайда депутаттық корпустың білікті де білімді халық қалаулыларымен толықтырылғаны дұрыс. Шынында да, біздің өміріміз, тағдырымыз мемлекетпен, оның ішінде мемлекеттің заңымен тікелей байланысты. Депутаттар ең сапалы заңдарды талғап, таңдап қабылдайтын болса, мұның халықтың әл-ауқаты артуына да, мемлекеттің дамуына да елеулі септігі тимек. Айта кететін тағы бір мәселе, Мәжіліс сайлауы жаңа депутаттардың келуіне мүмкіндік береді, партиялардың да белсенділігі артуына жол ашады. Партиялар Мәжіліске өздерінің қолдарынан іс келетін, білікті тұлғаларын ұсынулары керек. Біздің елде сан алуан ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Тіліміз басқа болғанымен, мақсатымыз – ортақ, мұратымыз – бір. Ол – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету! Елбасымыздың сөзімен айтар болсақ: «Егер біз бірлік пен татулығымызды біріктіріп қимыл жасасақ, Қазақстан халқының алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ». Себебі, біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық. Қысқасы, Елбасының осындай салиқалы шешімін қолдаймын, халықты да соны қолдауға шақырамын.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді