Қайрат СЕРІМОВ, қарттар үйінің директоры.
Мемлекет басшысының Парламент депутаттарының Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын өткізу туралы бастамасын қолдап, Жарлыққа қол қойғанын барша қазақстандықтар, оның ішінде біздің Қаратау қаласындағы қарттар үйінің ұжымы да қуана қарсы алды. Әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде еліміз жаһандық геосаяси жағдайларға бейімделіп, өмір сүретін және алға жаңа міндеттер қойып, оны нақты жүзеге асыруға ұмтылатыны ақиқат. Өмір бір орнында тұрмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып, танысқанымыздай, өзгермелі қоғам біздің де жаңғыру мен жаңару үрдістерін таңдауымызды талап етеді. Қашанда қауіпсіздігімізді, елдегі бейбіт тұрақтылықты бірінші кезекке қоятын Елбасымыз ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының түпкі мақсаты әлемдегі 30 дамушы мемлекетпен терезесі тең, бәсекелестікке қабілетті мемлекет, тұрғындары бақуатты, бірлік пен ынтымақта өмір сүретін Мәңгілік Ел құру екені баршаға мәлім. Ал армандар өздігінен бірден жүзеге аса қоймайды. Оны жүзеге асыратын – халық, жүрегі «елім», «жерім» деп соғатын патриоттық рухы мықты, жігерлі, іскер, білімді, парасатты азаматтар. Елдігіміз, азаматтығымыз сынға түсер, бірлік пен ынтымағымыз айқындалар кез де осы. Елбасы айтқандай, парасаттылық танытып, алдағы сайлауға бір кісідей қатысып, таңдаулылар үшін дауыс беру – әрбір сайлаушының парызы. Қарттар үйінің ұжымы мен қамқорлыққа алынған кісілер Елбасына, мемлекетке алғыстарын айтып, сайлауға бір кісідей қатысамыз деп құлшынып отыр. Жаһандық дағдарысты еңсеруге және Елбасының мемлекетімізді жаңғыртуға серпін беретін Ұлт жоспары нақты іс жүзіне асырылуына жаңадан сайланатын Парламент ел күткендей қомақты үлестерін қосады деп ойлаймыз.
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




