Саясат
«Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтары республикалық штабының Мемлекет басшысының Жарлығын қолдаған мәлімдемесі
- author «Ақ жол»
- 26 қаңтар, 2016
- 596
«Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтары республикалық штабының Мемлекет басшысының Жарлығын қолдаған мәлімдемесі
Біздің ұйымымыздың атынан Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттарының бастамасына қолдау білдіргені және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны үшін алғыс сезімін білдіреміз. Дағдарысқа қарсы реформалардың жаңа Парламентін құру үдерісінің Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойлы жылында бастау алуының символдық мәні бар деп есептейміз.
Парламент сайлауы елдің саяси өміріндегі неғұрлым маңызды кезең болып табылады және мемлекет дамуының жаңа сатысындағы жауапкершілікті бөлісуге дайын барлық сындарлы күштер үшін көкейкесті үнқатысу алаңын қалыптастырады.
Бүкіл прогресшіл жастар үшін сайлау – өзін көрсету, өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін дәлелдеу үшін бірегей мүмкіндік.
Біз елді одан әрі жаңғырту, реформаларды ілгерілету және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын өмірге дәйектілікпен енгізу ісіне өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Уақыттың сын-қатерін ескере келгенде, парламенттік сайлау өткізу туралы шешім уақтылы болып табылады, өйткені ол реформаларды қозғаушы күш ретіндегі депутаттық корпустың жаңаруына мүмкіндіктер ашады.
Одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін парламентшілерге халық сенімі вотумына ие болу және жұмыстың толық циклына келісілген іс-қимылдар бағдарламасын ұсыну маңызды.
Алдағы сайлаудың қазақстандықтардың ел дамуының жаңа сатысында бірлігі мен топтасқандығын бейнелей алатындығына сенімдіміз.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- Бүгін, 16:53
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- Бүгін, 16:40
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




