Кәсіподақтар федерациясының мәлімдемесі
Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының барлық мүшелері атынан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешіміне қолдау білдіреміз. Біз Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және онда қаралған ел өмірінің бүкіл салаларын кешенді реформалау жөніндегі шынайы кең ауқымды жұмысқа дайынбыз.
Халықтың сан түрлі топтарын біріктіретін және мүдделерін қорғайтын барлық саяси партиялар мемлекет қызметіне дәл осылайша ықпалды атсалысуға тиіс деп есептейміз. Сайлауды өткізу елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің үдерістеріне барлық қатысушыларға мемлекеттің одан әрі дамуына қатысты өз пайымдарын білдіру және күн тәртібінде тұрған проблемалар мен көкейкесті мәселелерді шешуде өзіне жауапкершілік алу мүмкіндігін береді.
Ол жан-жақты қолдауға және сайлау науқанын өткізу мен Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша парламентшілермен одан арғы жұмысқа жаппай белсенді ат салысуға лайық. Сайлау қазақстандықтарды топтастырады және қоғамдық бәтуа негізінде дағдарысқа қарсы реформаларды табысты жүзеге асыру үшін жаңа жасампаз әлеуетке бастамашы болады.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




