«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Алладан басқа жоқ Тәңір, Мұхаммед – оның елшісі» Мәуліт мерекесі жүректерге иман нұрын құйды

«Алладан басқа жоқ Тәңір, Мұхаммед – оның елшісі»  Мәуліт мерекесі жүректерге иман нұрын құйды
ашық дереккөз
«Алладан басқа жоқ Тәңір, Мұхаммед – оның елшісі» Мәуліт мерекесі жүректерге иман нұрын құйды

Мәуліт – сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірге келген айы. Бұл айда діни жиындар өткізіп, Аллаға мадақ, Мұхаммед Пайғамбарға салауат айтудың маңызы зор. Алланың елшісін еске алуға арналған Мәуліт кешін ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілдігі және облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті Баласағұн сарайында ұйымдастырды.

Жүректерге нұр құйып, ізгілік әлеміне жетелейтін Мәуліт Алланың сөзі – Құранның оқылуымен басталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков сөз алып, мерекеге келген жамағатқа Мәуліт ізгі тілегін арнады.

Келесі кезекте ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі, облыстық «Һибаутлла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Мәуліт кеші әр жүрекке толғаныс, иман сәулесін түсіретінін, бұл залға мыңдаған кісілердің ізгі көңілмен келгендігі Алланың ақырғы елшісіне деген сүйіспеншілік екенін, Пайғамбарымызға деген құрмет пен сағыныштың уақыт өткен сайын ұлғая беретінін айтып, көпшілікті аталған кешке арнайы дайындалған бағдарламаны ықыласпен тыңдап, көруге шақырды. Қасиетті Пайғамбарымыздың өміріне қатысты шығарылған дастан-жырды шымкенттік әнші Мәдіхан Тәжиев орындап берді. Сондай-ақ, тараздық имамдар мен «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауаттар айтты. Бұл имандылық кешінің әсерлі өтуіне Оңтүстік Қазақстан облысынан келген «Асыл мұра» өнер орталығы ықпал етті. Орталықтың өнерпаздары көрсеткен «Құнанбай салдырған мешіт», «Ата-ананың қадірі» көріністері көпшіліктің көңілін тербетіп, толқытты. Бұл ретте Самат Алтаев, Сағи Әлмұратов, Ұмсынай Базарбекованың актерлік шеберлігін айта кеткеніміз жөн. Меркілік Аңсар Жорақұловтың орындауындағы ән де жүректерге жетті. Меркілік жас өнерпаздар Асылай, Қымбат Жартыбаевалардың «Уақыттың қадірін біл» өлеңін жатқа оқуы көпшілікке ой салды. Әнші Сержанәлі Әлібек имандылық тұрғысында жазылған әндерді орындап, жүректерге жеткізе білді. Оның орындауындағы «Жаралғаныңа қуан», «Зікіролла» әндерінің әсерінен көпке дейін айыға алмадық.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар