Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы оқиғаны баядап берді
- author «Ақ жол»
- 25 қаңтар, 2016
- 427
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Басқармадағылар 62 жастағы Валерий Михиннің Тараздағы №1 ауруханаға 24 қаңтарда бетінің, басының, аяқ-қолдарының І-ІІ-ІІІ дәрежесіндегі күюі диагнозымен түскенін айтып берді. Сонымен қатар, оның тыныс алу жолдарын ІІ дәрежедегі күйік шалған.
"Науқастың айтуынша, ол 23 қаңтарда жарақат алған. Ол тікұшақ ұшқышы. Әуеде қозғалтқыш өртенген. Жерге қонғаннан кейін ол тікұшақты өзі сөндірмек болған. Шамамен 5 шақырым жаяу жүрген. Бұдан кейін ол №1 ауруханаға жеткізілген. Жалпы жағдайы ауыр. Ес-ақылын біледі. 25 қаңтарда 09.00-ле дәрігерлер консилиумы оның жағдайын қарады, жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.
Айта кетейік, 23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған еді. Кейін ұшқыштыңзардап шеккені, оның Тараздағы №1 ауруханада екендігі анықталды. Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен.
"Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің және Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апат-құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді", - деп хабарлады Иманқұлов. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




