Мемелекетіміздің тұрақты дамуына бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының қосар үлесі мол болды. Депутаттар осы мерзім ішінде қыруар жұмыс атқарды. Елдегі саяси-әлеуметтік оқиғалар кезеңінде үлкен белсенділіктерін танытты. 80-ге жуық заң қабылдады. Елбасының 5 институттық реформасының әрқайсысын іске асыруға байланысты іс-шаралар кешенін жасауға ат салысты. Соған қарамастан, Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастама көтеріп, ел жағдайын, мемлекет мүддесін ойлап отыр.
Елбасы Парламент Мәжілісінің үндеуін қабыл алып, шешім шығарды. Алда – Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы. Ұлт жоспары жүзеге асырылу үшін Парламенттің кәсіби құрамын жасақтау ауадай қажет. Енді бірер айдан соң бірлігі жарасқан қазақ елі тағы бір жауапты саяси науқанның куәсі болғалы отыр. Қазіргідей кезеңде дағдарыстан шығар жолды ойластырып, осындай тиімді шараларды бірлесе жүзеге асыру керек. Ең бастысы, жаңа сайлау қоғамдық саяси үдерістерге жаңаша бір серпін береді деп сенемін.
Келгенбай Шалқаров, зейнеткер, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




