«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЫНТЫМАҚ ЫРЫСҚА БАСТАЙДЫ

ЫНТЫМАҚ  ЫРЫСҚА  БАСТАЙДЫ
ашық дереккөз
ЫНТЫМАҚ ЫРЫСҚА БАСТАЙДЫ
Диана Ибрагимова, Қордай ауылдық округі әкімдігінің маманы. Мені Қазақстан-дағы этносаралық ынтымақтастықтың берік болуы әр кезде қатты ойлантады. Бұл – сұрапыл соғыс жылдары қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған халықтың өкілі болғандығымнан ғана емес, біздің бақытты болашағымыздың кепілі барша қазақстандықтардың ынтымақ пен бірлігінде екенін бағалай білгендіктен. Мемлекеттік саясаттың да өзегі осында жатыр. Сондықтан, елімізде өтіп жатқан саяси оқиғалардың бірде-біріне бейжай қарай алмаймын. Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі үндеуі ең дұрыс шешім деген пікірлердің барлығына қосыламын. Өйткені, Президенттің 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың заңдық негіздерін дайындаған Парламент, енді уақыт оздырмай оны іске асыруға кірісуі керек. Ал депутаттар құрамы неғұрлым жігерлі, білімді де білікті жаңа күштермен толыққан болса, солғұрлым жемісті жұмыс жүргізеді деген үміт мол. Біздің ауданымызда өзге ұлттардың өкілдері көптеп саналады. Солардың бірі – біздің әулет. Қазір жетпіс бес жастағы Конча әжем кезінде біздің осы жаққа қоныс аударған әзірбайжандар көрген адам төзгісіз қиындықтарды, жергілікті ұлт өкілдерінің оларға жасаған жақсылықтарын үнемі айтып отырады. Туған топырағыңнан тамыр үзудің қандай қасірет екенін басына түскендер ғана біледі. Бірақ, біз – бақытын қазақ жерінен тапқан ұлтпыз. Кейін Отанға оралу мүмкіндігі туғанымен, менің аталарым өздері пана тапқан киелі Қордай жерінен қайта табан аудармапты, ұрпағының баянды бақыты осында екенін жүрегімен сезсе керек. Сол үміт ақталып, қазір біз ештеңеден таршылық көріп отырған жоқпыз. Бүлдіршін күнімнен қазақ балаларымен бірге ойнап өскендіктен, қазақ тіліне судай ағып тұрмын десем, асыра айтқаным емес. Қазақ мектебінде оқыдым, былтыр колледж бітіріп, мемлекеттік қызметке орналастым. Кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет Президент сайлауына қатыстым. Енді биыл Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді. Бір ғана тілегім – Парламентке де, мәслихаттарға да қарапайым халықтың мүддесін қорғауға қабілетті, жаңаша ойлай алатын жігерлі жастар мен жүрегі мейірімге толы әйел азаматтар көбірек сайланса екен. Елбасымыз халқымызды ұдайы ынтымақ пен бфірлікке шақырып келеді. Елімізді дағдарыстың шырмауына іліктірместен дамыған отыз елдің қатарына жеткізуде ең жоғары заң шығарушы органның жоғары кәсіптік біліктілігі және барша қазақстандықтардың жарасқан ынтымағы шешуші рөл атқарары анық.

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар