Денсаулық
Мұнай бағасының құлдырауын болжаған трейдер оның 50 долларға дейін өсетінін де айтты
- author «Ақ жол»
- 25 қаңтар, 2016
- 645
Мұнай бағасының құлдырауын болжаған трейдер оның 50 долларға дейін өсетінін де айтты
Өткен жылы мұнайдың бағасы барреліне 25 долларға дейін құлдырайтынын болжаған мұнай трейдері және Andurand Capital қорының негізін қалаушы Пьер Андюран таяудағы екі жылда оның өсетінін де айтты. Бұл туралы трейдер Блумбергке сұхбатында мәлім еткен.
«Біз мұнайдың төмен бағалары қайта жоғарылауымен алмасатын әлемде өмір сүріп отырмыз. Шын мәнісінде оның бағасы ең төменгі межесіне жетті деп санаймын», - деді Андюран.
Оның пікірінше, ағымдағы жылы мұнай бағасының баррелі 50 долларға дейін, ал 2017 жылы - барреліне 70 долларға дейін өседі.
Андюран биылғы жылы мұнай бағамының өсу себебі ОПЕК-ке кірмейтін елдерден жеткізілімдердің қысқаруы болмақ, деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ 2018 жылы мұнай бағамы барреліне 100 долларға дейін өсуі мүмкін, деген болжам айтты, деп жазады РИА Новости.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




