21 қаңтардағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 383,23 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасының бағамы 20 қаңтармен салыстырғанда 8 теңгеге өсті. Осылайша тарихи антирекорд тіркелді.
Бүгін таңғы сессиядағы алғашқы келісім 381 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға да осы болды, ал жоғарысы 385 теңгеге дейін жетті. Сауда көлемі 57,75 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары долларды 383,5 - 385 теңге аралығында сатып жатыр.
Еске салайық, 20 қаңтарда мұнай бағасы тағы арзандаған болатын. Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың баррель бағасы 2,74 пайызға, яғни 27,68 долларға дейін арзандады. Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,67 пайызға құлдырап, баррель құны 28,28 доллар болды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




