Жарқын бастама жігерлендіреді
Айнұр Рахымбаева, аудандық «Жастар орталығы» мекемесінің директоры. Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу – еліміз дамудың даңғыл жолына түсуі үшін қажетті қадам. Сондықтан, Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсынысын дер кезінде көтерілген дұрыс бастама деп есептеймін.
Мамандар мерзімінен бұрын сайлау өткізудің мемлекетке экономикалық жағынан тиімді болатынын айтуда. Меніңше, бұл қадам елдің ішкі тұрақтылығын нығайта түсу үшін де қажет. Себебі, Елбасы ұсынған Ұлт жоспарын жүзеге асырудың практикалық кезеңінде біз еш алаңсыз дағдарысқа қарсы реформаларды орындауға кірісуге тиіспіз. Және қазіргідей алмағайып заманда еліміз кез-келген жағдайға күрделі жағдайларға дайын болуы тиіс. Ал мерзімінен бұрын сайлау өткізу сайланатын депутаттарды осындай қиын-қыстау кезеңде ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге итермелейді. Соған орай Мәжіліс депутаттарының құрамы өте мықты болады деп сенемін. Бұл жағдай Елбасы жүктеген жаңа міндеттерді орындауға серпін береді.
Парламент Мәжілісінің ғана емес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын қатар өткізу – бұл бастаманың бір ерекшелігі. Дағдарыс жағдайында мұндай қадам аса қажет. Биыл Ұлт жоспарының практикалық кезеңі басталды. Әлем елдері толқымалы күйде тұрған қазіргі уақытта мемлекет жүйелі стратегиямен қаруланып отыр.
Қашанда Ұлт Көшбасшысын үлгі тұтып, оның сындарлы саясатын барынша қолдап-қуаттайтын ұлтымыздың жалынды жастары тағдырлы кезеңде өздерін танытуы тиіс. Яғни, біз ел үшін аянбай еңбек етіп, терең білім алуға, біліктілігімізді арттыруға бар күш-қуатымызды бағыттауға тиіспіз. Себебі, Қазақстанның келешегі – жастардың қолында. Бұл жас ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігі болуы тиіс.
Жастар мемлекет мүддесі жолында өзара ынтымақты болуы керек. Бүгінгі жастар ештеңеден таршылық көріп отырған жоқ. Мемлекет үлкен қамқорлық көрсетуде. Бірақ, барлық жақсылықтың қайтарымы болуы шарт. Біз өзімізге артылған сенімнің үдесінен шыға білуге тиіспіз.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




