Уалихан Болатбек, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.
Президентіміз «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастар жол» атты мақаласында атап көрсеткендей, қаңтар айының басынан Бес институттық реформаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі басталды. Басты нысана – әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп бере отыра мемлекеттің экономикасын дамыту, қоғамды серпіліске түсіретін жаңа қоғамдық орта қалыптастыру. Менің ойымша, депутаттардың Парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамалары осындай мақсаттан туындаған. Бастаманы өте орынды деп есептеймін. Саяси науқан болашағы біртұтас елімізді бірлікке бастап, биік мақсаттар аясында тұтастыра түсуіне мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы кандай қиын кезең болса да, жастарға қамқорлық жасауды ұмытқан емес. Жастарға үлкен үміт пен ерекше сенім артып келеді. Біздің мақсат – ұлт мұраты жолында аянбай еңбек ету, бірлескен іс-қимылға көшу, еліміздің гүлденуі үшін жаппай ат салысу. Бұл іс әрбір жас азаматқа парыз деп есептеймін. Мәжіліс пен мәслихат сайлауларын бірге өткізу біздің ортақ игілігіміз үшін өте қажет. Еліміз үшін аса жауапты кезеңде қоғамымызға қозғау салып жүрген саяси күш «Нұр Отан» партиясының алдында зор міндет пен жауапкершілік тұр. Айта кетерлігі, кезектен тыс сайлауда депутаттыққа үміткер жастардың саны артып, оларға көп қолдау көрсетілетіндігі, жалпы, жаңа құрамда жастардың көбірек болуына баса назар аударылып отырғандығы құптарлық. Өйткені, ел болашағына иелік етіп, билік тұтқасын ұстайтын жастарымыздың саяси жұмыстарға неғұрлым ертерек араласып үйренгені ләзім.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді