«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ел оң өзгерістерді қалайды

Ел оң өзгерістерді қалайды
ашық дереккөз
Ел оң өзгерістерді қалайды

 Жұмабек 

Әсемов, Талас аудандық мәслихат хатшысы.

 Биыл саяси өзгерістерге толы жыл болмақ. Елбасының Бес институттық реформасын жүзеге асыруға кірістік. Ұлт жоспарының практикалық кезеңі басталды. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы мәселе көтерілуде. Бұл қадамның уақытты ұттырмай, дағдарысқа қарсы шаралар мен мемлекеттің қуатын арттыру жөніндегі жаңа реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігі даусыз.

Бір нәрсе айқын, бесінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары аз еңбек еткен жоқ: жүзеге асырар реформалардың заңды тетіктерін жасап берді. Өз кезегінде жергілікті мәслихаттардың депутаттары да конституциялық Заңдар шеңберінде еңбек етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосты деп айта аламыз. Біз сайлаушылармен етене еңбек етіп, олардың өтініш-тілектеріне, ұсыныстарына әрдайым құлақ астық. Әсіресе, аудандық мәслихат жанындағы «Нұр Отан» партиясының фракциясымен қоян-қолтық жұмыс жасадық. Елді мекендерден сайланған депутаттар да өз хал-қадерінше еңбек етті. Дегенмен, қазіргі уақыт талабы басқа. Сондықтан, қоғамдық ахуалға қанық, экономика мен саясатты жетік білетін, білікті жас кадрлардың депутаттық корпусқа келгені жөн. Өйткені, Бес институттық реформаның талабы да сол. Сондықтан, алдағы сайлауда бәсекелестік жоғары болып, Парламент Мәжілісіне сауатты, білікті, белсенді депутаттар сайланады деп сенемін. Елбасының тапсырмаларын орындауға жаңа, жігерлі күш керек десек, онда сол талапқа сай қимыл-әрекет жасау өте маңызды. Қазақстандық армандар сонда ғана жүйелі жүзеге асырылмақ.

Қаратау қаласы.

Ұқсас жаңалықтар