«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асыру мақсатында «25 қайырымды іс» акциясы аясында «жасотандықтар» еңбек және тыл ардагерлеріне үй шаруасына көмектесті.
Патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарттарға құрметті нығайтуға бағытталған шара барысында «жасотандықтар» қарттардың үй жұмысы мен бау-бақшаларында тазалық жұмыстарын жүргізді. – Майдан, тыл деген жай аты ғана. Әйтпесе, бірі мылтықты, бірі мылтықсыз – екеуі де жанкешті шайқас болатын. Ер-азаматты оқ қинаған, бала-шағаны жоқ қинаған заман еді ғой, – деп сұрапыл соғыс кезін еске алды Ұлы Отан соғысының ардагері Күләш Бейсенқұлова. Өз кезегінде ардагерлеріміз «жасотандықтарға» ризашылығын білдіріп, жастарды ата-ана мен отбасы ошағын бағалап, құрметтеуге шақырды. Аталмыш акция аясында жылдың аяғына дейін түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылатын болады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- Бүгін, 16:53
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- Бүгін, 16:40
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




