«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Прокуратура Жамбылдағы тас жолда қаза болған сәбидің ата-анасы үйленетінін теріске шығарды

Прокуратура Жамбылдағы тас жолда қаза болған сәбидің ата-анасы үйленетінін теріске шығарды
ашық дереккөз
Прокуратура Жамбылдағы тас жолда қаза болған сәбидің ата-анасы үйленетінін теріске шығарды

pogudx2g7jg9710vng.dc89edc0Жолда қаза тапқан нәрестенің ата-анасы бірқатар себептерге қатысты заңды түрде некелесе алмайды дейді Жамбыл облысының бас прокурорының аға көмекшісі Ермек Қуанышбаев Kazpravda.kz тілшісіне.

Кеше ғана Талас ауданы Ақкөл ауылындағы №14 колледж директорышетінеген нәрестенің әкесі қызбен татуласып, жас болса да отау құруға бел байлады деп сүйіншілеген еді.

Алайда прокуратура қызметкері бұл ақпаратты дәлелсіз деп отыр. Себебі, оқушының берген түсінігі бойынша ол жігітпен жыныстық қатынасқа түскен кезде жасы 16-ға толмаған болып шыққан.

«Жасы 16-ға толмағандардың жыныстық қатынасқа түскені тұралы ешқандайда арыз қажет емес. Қазір қылмыстық іс қозғалды, тергеу алды жұмыстары жүргізіліп жатыр. Студент жігіттің үстінен 122 баптың 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 5 жылға сотталуы мүмкін», – дейді прокурордың аға көмекшісі Ермек Қуанышбаев.

Шендінің сөзінше, оқушы қыздың жағдайы тұрақты, ол облыстың перинаталдық орталықта ем қабылдауда. Ауруханаға тек туған анасы ғана кіріп шығуына рұқсат берілген. Ал екі жастың үйленетіні туралы ақпаратты «қауесет» деді.

Қазақстан заңнамасына сай кодекстің 10 бабы бойынша азаматтар жастары 18-ге толған жағдайда ғана некелесе алады. Сондай-ақ, егер қыз бала екіқабат немесе ерлі-зайыптылардың арасында бала болған жағдайда некелесуге 16 жастан бастап рұқсат беріледі. Ал аталған жағдайда оқушы қыз бен студенттен туылған бала тас жолда қаза тапқандықтан, олардың қосылуына ешқандайда себеп жоқ.

Естеріңізге салайық, 13 қаңтар күні Жамбыл облысы Ақкөл ауылының іргесіндегі тас жолдан өлі сәбидің денесі табылған болатын. Тексеру барысында белгілі болғандай, нәрестені 16 жастағы мектеп оқушысы көлікте босанған.

Алайда, аман туылған сәбиді қыздың өгей анасы көлік терезесінен лақтырып, беймезгіл туылған баладан құтылмақ болған еді. Қазіргі таңда басты күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі де болған жайтты полицияға хабарламағаны үшін істі болып жатыр.

Сонымен бірге жүкті болып қалған оқушының оқиғасынан кейін шенеуніктер жұмыстан қуылды.

Ұқсас жаңалықтар