Жамбыл облысында сәбиі жолда өлтірілген оқушы тұрмысқа шығатын болды
- author «Ақ жол»
- 20 қаңтар, 2016
- 735
Жамбыл облысында көлікте босанып, сәбиі жолда өлтірілген оқушы қыз бала күйеуге шығатын болды деп хабарлайды Skifnews.kz.
Талас ауданы Ақкөл ауылындағы №14 колледж директорының айтуынша, шетінеген нәрестенің әкесі қызбен татуласып, жас болса да отау құруға бел байлапты. Бобала аталған колледждің студенті екенін айта кетейік.
Оқу орнының директоры Әбләмит Ахметовтың айтуынша, жас жігіт колледждегі үлгілі студенттердің бірі, спортпен айналысып, оқуында қатарының алды болған. Оқиға болғаннан кейін ұстаздарымен тілдескен ол оқушы қызды расымен де жақсы көретінін, орын алған жайтқа қатты қайғыратынын айтқан көрінеді.
Қыздың туған ата-анасы жігітті кешіріп, екеуінің үйленуіне қарсы емес екенін айтып отыр. Баланың да ата-анасы құда түсіп келмек ниетте. Оның үстіне, болашақ құдалар бір-бірімен көрші екен.
Естеріңізге салайық, 13 қаңтар күні Жамбыл облысы Ақкөл ауылының іргесіндегі тас жолдан өлі сәбидің денесі табылған болатын. Тексеру барысында белгілі болғандай, нәрестені 16 жастағы мектеп оқушысы көлікте босанған. Алайда, аман туылған сәбиді қыздың өгей анасы көлік терезесінен лақтырып, беймезгіл туылған баладан құтылмақ болған еді. Қазіргі таңда басты күдікті қамауға алынған. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі де болған жайтты полицияға хабарламағаны үшін істі болып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




