Денсаулық
Жапонияда ғаламшардағы ең егде ер адам 112 жасында өмірден озды
- author «Ақ жол»
- 19 қаңтар, 2016
- 684
Жапонияда ғаламшардағы ең егде ер адам 112 жасында өмірден озды
Жапонияда сейсенбі күні ғаламшардың ең егде тұрғыны Ясутаро Коидэ көз жұмды. Бұл туралы Нагоя қаласындағы ол ем алған аурухана өкілдері хабарлады.
Оның өмірден озуына себеп болған - созылмалы жүрек дерті. Ол 1903 жылы 13 наурызда Фукуи префектурасында Цуруга қаласында дүниеге келген. Нагояға 107 жасында қоныс аударған. Өмірінің соңына дейін қарттың денсаулығы сыр бере қоймаған, тіпті көзілдірік те кимеген. Өткен жылдың соңында оның отандасы Сакари Момои 112 жасында қайтыс болғаннан соң ол ғаламшардағы ең егде адам деп танылды.
Статистика деректеріне сәйкес Жапонияда 80 жастан асқан адамдар саны ұлт тарихында алғаш рет 10 миллионнан асқан.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




