Қазақстанда сиырдың сүйек-саяғынан мысық пен ит жейтін тамақ шығарылады
- author «Ақ жол»
- 19 қаңтар, 2016
- 791
Қазақстанның «АкТеп» ЖШС компаниясы мысық, ит және балық жейтін тамақ өндіріп шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингісінде компанияның құрылтайшысы Нұрлан Сағыналин мәлім етті.
«Биылдан бастап кәсіпорнымыз үй жануарларына арналған жем шығарушы өндірістермен («Pedigree», «Whiskas» маркалары - агенттік) қарым-қатынас орнатады. Яғни, енді біз де ит-мысықтарға арналған тамақ өндіре бастаймыз. ол өнімдерді бұрын керексіз еткен қалдықтардан, мысалы, сиыр мүйізінен, малдың сүйек-саяғынан жасаймыз», - деп түсіндірді ол. Кәсіпкердің хабарлауынша, қазір бұл өнім тиісті сертификаттан өтіп жатыр. «Өнім жақын арада дүкен сөрелеріне шығады деген үміттемін. Және өнімнің бағасы импорт бағасынан төмен болады», - деп толықтырды Н.Сағыналин. Айта кетейік, «АкТеп» компаниясы айына 200 тонна ет көлемінде сиыр етін экспорттап отырған компания.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




