«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұрымтал сәттегі ұтымды қадам

Ұрымтал сәттегі ұтымды қадам
ашық дереккөз
Ұрымтал сәттегі ұтымды қадам
 Серік  Байбеков, зейнеткер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы үндеуді өз басым теңге күн санап құнсызданып, дағдарыс қыспаққа ала бастаған қазіргі ұрымтал сәтте қабылданған дұрыс шешім деп санаймын. Әрине, бұдан төрт жыл бұрын сайланған мәжілісмендер осы кезеңде өз біліктілігі деңгейінде жұмыстар атқарды. Олар қабылдаған заңдар қазір ел игілігіне қызмет етуде. Бесінші шақырылым депутаттарының жұмысын қолдаған да, сын айтылған кездер де болды. Әрине, жұмысты ширату үшін сын айтылып жатуы орынды. Дегенмен, уақыт бір орнында тұрмайды. Кеше қалыпты болып көрінген жайлар бүгінгі өлшем емес. Қазіргі сұраныс пен заман талабы билік басындағылармен қатар, Парламент мүшелерінен де ел үшін аса жауапты кезеңде бар жауапкершілікті мойынға ала білуді талап етеді. Әлемде орын алып отырған дағдарыс біздің биліктен де, қоғамдық ұйымдардан да, саяси партиялардан да, барша қазақстандықтардан жинақылықты, ынтымақ пен бірлікті, өзара түсіністікті қажет етеді. Бұл тұрғыда Парламентке, барлық деңгейдегі мәслихаттарға жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, мемлекетшіл, білімді де білікті кәсіби мамандар баруы керек. Биылдан бастап «Ұлт жоспарын» жүзеге асыру қолға алынатын болғандықтан, оған заң шығарушы орган осы бастан жаңа құрамын жасақтап алып кірісуі қай тұрғыдан алғанда да дұрыс болмақ. Болашақ депутаттардың біліктілігі мен кәсібилігі өз алдына, менің ойымша, мемлекеттік тілді еркін меңгерген болулары тиіс. Ана тілінде екі сөздің басын құрай алмайтын ұлты қазақ кейбір депутаттың қазақ тілінде қойылған сұраққа орысша жауап беруін тілге жанашырлық деуге бола ма?! Парламент төріндегі олардың бұл қылықтарын теледидардан көріп отырып, мұнда біз ұяламыз. Алдағы сайлауда сайлаушылар мен таңдаушылар осы жағын ескерсе деген тілегім бар.

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар