Әлия
Иманбекова, «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі.
Мәжіліс депутаттарының ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы үндеуі дер кезінде көтерілген бастама және өте орынды шешім болып отыр. Сондықтан да үндеу қоғамда өте қызу талқыланып, жан-жақты қолдау табуда.
Бұл сайлау, сөз жоқ, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің әлемдік дағдарысқа қарсы саясатын жүзеге асыруда жаңа ойлардың, жаңа идеялардың нақты іс жүзіне асырылуына кең жол ашады. Екіншіден, дағдарысты ескере отырып, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бірге өткізу мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты да едәуір жеңілдетпек. Үндеуде «Қазақстан егемен ел ретінде дамып келе жатқан 25 жылдың ішінде әлемдік дағдарыстардың сын-қатерлерімен сан мәрте бетпе-бет келді және біз олардың барлығына лайықты тойтарыс бердік. Тіпті біз ондай кезеңдерді әрдайым дамудың жаңа сапалық деңгейіне шығудың мүмкіндігі ретінде пайдалана білдік» деп атап көрсетілген. Бұл жолы да Қазақстанның жаңа жаһандық сын-қатерлерден шығуға бағытталған кешенді іс-қимыл жоспарлары бар екеніне көз жеткізіп отырмыз. Әрине, жаңа іс, тың бастамалардан қашанда жаңалық, жақсылық күтеміз, елге берері мол болады деп те үміт етеміз. Осы ретте жаңа сайланар қалаулыларымыздың Үкімет пен халық арасындағы алтын көпір боларлық жаңашыл, бастамашыл корпусы қалыптасатынына сенімдіміз. «Болар істің басына, жақсы келер қасына» демекші, Елбасымыз бен халыққа қолдау көрсетіп, елдік мүддені көздейтін тұлғалар келеді деп күтеміз.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




