Қоғамға серпіліс қажет шақ
Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтерген үндеуі жан-жақты таразыланған шешім деп айта аламын. Бұл, сарапшылардың пікірлерінше, кездейсоқ қабылданған шешім емес. Осы мәселе төңірегіндегі пікір алмасулар сарапшылар арасында, байқаушылар арасында соңғы екі-үш айдың көлемінде белсенді түрде талқыланды. Әлемдегі экономикалық күрделі дағдарыс, оның ел экономикасына ықпалы тұрғысынан келгенде, бұл, шын мәнінде, тіпті де кездейсоқтық емес. Біріншіден, бұл – заңды қалыптасқан жағдай. Екіншіден, дер кезінде көтеріліп отырған маңызды оқиға деп айту керек. Сондықтан бұл бастама қоғамда өте қызу талқыланып жатыр және жан-жақты қолдау табуда.
Жаңа сайлау еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге жаңаша бір серпін береді деп ойлаймын. Тек саяси-партиялық үдерістерге ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық-саяси талқылауларға да жаңаша серпін береді. Сондай-ақ, жаңа идеялардың, жаңа ойлардың көтерілуіне жол ашады. Сайлау қоғамның ішіндегі қордаланған өзекті мәселелерді сараптауға, талдауға мүмкіндік туғызады. Осының барлығы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің әлемдік дағдарысқа қарсы жаңа саясатты іс жүзіне асыруына мүмкіндік береді. Сондықтан да біз, сарапшылар, сайлау науқаны саяси-қоғамдық өмірдің жаңа бір серпіліс, жаңадан бір жандануына мүмкіндік беретін қазақстандық арманды фактор ретінде қарастырамыз.
Оның үстіне, еліміз жаңа кезеңге, 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындаудың практикалық кезеңіне аяқ басты. Осындай кезде қазақстандық арманды іске асыру жолында жаңа құрамдағы Мәжілістің де ықпалы жоғары болатыны анық. Ендеше, Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасының қоғамдағы орны бөлек.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді