Дәуіт Қадірханов, медицина ғылымдарының кандидаты, Меркі ауданының Құрметті азаматы.
Бүгінгідей өзгермелі қоғамда ұшқыр заманның ағымына ілесудің өзі батыл да ұтқыр қадамдарды, кесімді шешімдерді талап етеді. Айналамызда болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізе келе, халық қалаулыларының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату жөніндегі үндеуін түсіністікпен қабылдадық. Өйткені, заңымызға заманға сай өзгерістер мен толықтырулар енгізу – кешеуілдетуге болмайтын күрделі мәселе. Осы жылымық жаңалық біздің көкірегімізде үміт отын тұтатты. Бұл тұрғыда депутаттардың «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп», кеңесе отырып осындай қадамға келгендерінің өзі азаматтықтары, жанынан арларын биік қойғаны деп білемін. Ар биік болған жерде зәу биікке көтерілеріміз анық. Ендігі мәселе жаңадан жасақталатын Мәжілістің құрамы жайында болатыны белгілі. Мұндай сәтте жұмыла білсек, ұйымшыл болсақ ертең жемісін жейтін боламыз. Бұл тұрғыда жаңаша ойлайтын, жарқын істердің бастамашылары бола алатын азаматтардың өзін-өзі көрсететін кездері келді. Расы керек, Парламент Мәжілісі жайында «заң шығарушы орган ба, әлде қоғамдық-саяси алаң ба» деген мәселе де кезінде су бетіне қалқып шыққан еді. Әрине, халық қалаулылары мемлекеттік, яғни ұлттық мүдденің айнасы болуы керек. Министрлер Мәжілістегі сағаттарына тізелері дірілдеп баратындай мәртебеге ие болулары тиіс. Яғни, келесі Мәжілістің мысы басым, мерейі үстем, мәртебесі биік болмағы керек! Ал Мәжілістің жолдаған үндеуіне барлық деңгейдегі депутаттар бірауыздан қолдау білдіретіндігіне шүбәсіз сенемін.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді