Ли ЦЗЫГО, Қытай халықаралық мәселелерді зерттеу институтының Еуразия бөлімі директорының орынбасары.
«Қазақстан реформаларды жүзеге асырудың маңызды сатысына өтті. Парламент Мәжілісінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау мемлекеттің тұрақтылығын арттырып қана қоймай, елдегі реформалардың сәтті жүзеге асуына әсер етеді», – дейді Қытай халықаралық мәселелер зерттеу институтының сарапшысы Ли Цзыго. Оның айтуынша, 2016 жыл әлем елдері үшін ауыр сынақ кезеңі болғалы тұр. Ірі мемлекеттер арасындағы саяси шиеленіс және экономикалық мәселелер жағдайды ушықтыра түсіп отыр. «Егер халықаралық жағдай жақын уақытта түзелмесе, күзге қарай бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Осы факторларды ескере отырып, Мәжіліс депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау дұрыс қадам. Бұл елдегі тұрақтылықты сақтап, алда болатын кез-келген жағдайға дайын тұруға мүмкіндік туғызады. Сайлаудан кейін жаңа құрам елдің дамуына жаңа серпін береді деп сенемін», – дейді Ли Цзыго.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




