Нейла Қондыбаева, Дулат ауылдық округінің әкімі.
Бүгінде әлем елдері үлкен экономикалық дағдарыс толқынына тап келді. Оның салқыны біздің елімізді де айналып өтпесі анық. Сондықтан, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев саяси-экономикалық жағдайлардан туындайтын сын-қатерлерге қарсы жаңа стратегиялық жоспарын жариялады. Ол – қазақстандықтардың өміріне, мемлекеттік аппарат және сот жүйелеріне түбегейлі өзгеріс әкелетін бес институционалды реформа және оны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары. Қаңтардан бастап Елбасының Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Бұған дейін құқықтық-экономикалық және әлеуметтік салалардағы жаңаруларға байланысты жаңа заңдар қабылданып, Әрбір институционалдық реформа бойынша жол картасы әзірленген болатын. Сөйтіп, Парламент депутаттары әлемдік экономика және халықаралық саяси ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында ел ішінде өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай орындап шықты. Парламент мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныс көтерілуде. Бұл өте құптарлық шешім деп ойлаймын. Себебі, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асыруға жаңа леп, қарқынды күш керек. Парламент мәжілісінің жаңадан сайланатын депутаттары тың серпінмен бұл іске белсене кіріседі деген сенім мол. Әрі сайлау өткізу арқылы депутаттар қазіргі алмағайып кезеңде халық алдындағы жауапкершілігін айқын сезіне түседі деген ойдамын. Мемлекет дамуы үшін саяси стратегиялар қажет. Сондықтан, сайлаудың тиісті мерзімін күтіп отыру – уақыттың талабына сай келетін әрекет емес. Еліміздегі әлеуметтік-геосаяси жобалардың жүзеге асырылуын кешеуілдетсек, жаһандық қиындықтар бізге төнетін қауіпті күшейте түсуі мүмкін. «Кемедегінің жаны бір» дейді. Сондықтан, әлемде орын алған ортақ проблема бүгінде әрбір қазақстандықты алаңдатпай қоймауы тиіс. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері бірнеше қиын кезеңді бастан кешірді. Сөйте тұра халқымыз сабырлылығын, бірлігін жоғалтпай, ынтымағын ту етіп, Ұлт Көшбасшысына қолдау көрсете білді.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді