«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ел бірлігі бәрінен бағалы

Ел бірлігі бәрінен бағалы
ашық дереккөз
Ел бірлігі бәрінен бағалы

Жамбыл Қалыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Бәрі өз заманына қарай. Қазір сонау қиырдағы хабардың өзі тез жетеді. Республикадағы жаңалықтардан радио-теледидар арқылы жылдам құлағдар боласың. Жастарға тіпті жеңіл, ғаламтор арқылы ғаламдағы оқиғаны біліп отырады. Сондықтан болар, тұрғындар белсенділігі де жоғары. Әсіресе, ел ішіндегі жаңалықтарға өз пікірлерін білдіріп, үн қосып жатады. Бүгінде Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсыныстың да қызу талқыға түсіп жатқаны – соның көрінісі. Президентіміз ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру – қазақстандықтардың басты арманы. Былтыр Парламент бес институционалдық реформада көрсетілген айқын мақсаттарға сәйкес жаңа заңдарды қабылдады. Ендігі міндет – сол заңдар аясында жаңа бағытта жұмыс істеп, көздеген межеге жету. Бұл жауапкершіліктің салмағын Елбасы және Парламенттегілер ғана емес, қарапайым халық та жақсы түсінуі тиіс. Себебі, ауызбіршілігі мықты халықтың алмайтын асуы жоқ. Ел бірлігі бәрінен биік. Қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында тығырықтан шығудың жолы – жұмылған жұдырықтай бір болу. Мәжіліс депутаттарының қысқа мерзімде сайлау өткізу туралы ұсынысын өте орынды деп санаймын. Бұл ұсыныс қазіргі әлемде қалыптасқан ахуалға байланысты көтеріліп отыр. Жаңа реформаларды жүзеге асыру үшін Парламентке жаңа леп, жаңаша серпін керек. Кеңесіп пішкен тонның келте болмайтыны белгілі. Қазір қызу талқыланып жатқан бұл ұсынысқа қолдау білдіріп жатқандардың қатары көп. Шетелдік сарапшылардың да сайлаудың мерзімінен бұрын өтуіне оң көзқараста. Мамандардың сөзіне сүйенсек, Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауын қатар өткізу бюджеттік қаражаттың үнемделуіне де сеп. Елбасының 5 институционалды реформасын орындап, даму даңғылына қарай «100 нақты қадам» жасау үшін қысқа уақытта Парламенттің құрамын жасақтап алсақ, бұл өте орынды іс болмақ.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар