«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үмітті ақтаған үндеу болды

Үмітті ақтаған үндеу болды
ашық дереккөз
Үмітті ақтаған үндеу болды

Гүлнар Аязбаева, Көктал ауылдық округінің әкімі.

«Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамда – Ұлт жоспарын жасаудан бастадық, - деп жазады Елбасы өзінің «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында, - Осы жаңғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. Олар Қазақстанды, оның экономикасы мемлекетпен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол ашады». Ол бес институттық реформаны жүзеге асырумен нақтыланбақ. Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындау – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының аппаратына ерекше жауапкершілік жүктейді. Реформаның басым бағыттары болып табылатын мемлекетті кәсібилендіруден басталады. Яғни, басқару органына білікті, іскер кадрлар іріктеледі. Оның қызметінің ашықтығы алғы орынға шығады. Әр деңгейдегі әкімдік аппараттары қоғамдық кеңестермен бірге еңбек етіп, өңірдегі түйткілді мәселелерді біріге шешеді. Және де мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау туралы депутаттардың бастамасы да реформаны жаңғыртуға белсене қатысатын халық қалаулыларының сайлануына жол ашпақ. Бұл, сөз жоқ, дер кезінде қабылданған шешім. Біздің Көктал ауылдық округінің халқы да Елбасының сарабдал саясатының жүзеге асыруға құлшына кірісуде. Ауылда бір орта мектеп, бір балабақша, бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Барлығы 871 адам есепте тұрады. Бұл ауыл өткен ғасырда Қаратау қаласының серіктесі ретінде ұйымдастырылған. Негізінен кеншілер тұрады. Аймақта «Ақсай» кеніші, екі мрамор кені жұмыс істейді. Жалпы алғанда халықтың 70 пайызы жұмыспен қамтылған.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар