Жамбыл облысында жолға тасталған сәби туралы оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 18 қаңтар, 2016
- 496
Жамбыл облысында жолға тасталған сәбиді босанған қыздың өзі асырап алынған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот сәбиді жолға тастаған әйелді екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды.
"Тергеу қорытындыларына сәйкес, жол бойына жаңа туған сәбиді лақтырған әйел мен оның күйеуі қызды асырап алған. Ал қыздың туған әке-шешесі қазіргі уақытта Алматыда тұрып жатыр екен", - деп хабарлады Талас аудандық ІІБ басшысы Азамат Айхынбеков.
Ал облыстық прокурордың көмекшісі Еркін Қуанышев істің мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, қыздың өкіл шешесі Бақытгүл Байсеңгерееваның баласы болмаған. Олар күйеуінің ағасының қызын асырап алған. Ал биологиялық ата-анасы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тұрып жатыр екен. Айтуынша, биологиялық әкесінің аты-жөні Хасен Ермекбаев.
"1962 жылғы Байсенгереева Бақытгүл қыздың жүкті екенін білмегендіктен қорқып, сәбиді жолға тастай салғанын мойындады", - деп хабарлады облыстық прокурордың көмекшісі Еркін Қуанышев. Ол сәби туылғанда тірі болғанын айтты, себебі автомобильде оның жылаған даусын бәрі естіген.
Ал көлік жүргізушісіне қатысты қылмысты жасыру бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ер адам ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қуанышев сәбидің әкесінің аты-жөнін атады - 1998 жылғы Сайлаубек Елдосов. Ол Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен, ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны.
Сонымен қатар, оқушы қыздың ауруханада жатқаны және оның жағдайының тұрақты екені белгілі.
Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адамұсталды. moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/crime/jambyil-oblyisyinda-jolga-tastalgan-sabi-turalyi-okiganyin-267493/ copyRules
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




