KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 372,58 теңгеге дейін көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шетел валютасы Ираннан санкциялар алынғаннан кейін мұнай бағасының күрт арзандауына байланысты қымбаттап отыр.
2016 жылдың 18 қаңтарында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 366,35 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы. Сессия кезінде жоғарғы баға 375 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 81,4 миллион доллардан асты.
Еске сала кетейік, доллар бағамының антирекорды бұған дейін 367,31теңгемен орнатылған болатын. Бағам мұндай көрсеткішке 12 қаңтар күні жетті. Ал 15 қаңтарда доллар 359,3 теңгеге тең болған еді.
Айта кетейік, Ираннан санкциялар алынғаннан кейін 18 қаңтардың сауда сессиясының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 28 доллардан түсті. Бұл марканың баррелі Лондондағы биржа саудасында 27,72 деңгейінде саудаланды. Бұл - жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 долларға төмен.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




