Таразда Қорғаныс министрі көшпелі алқа мәжілісін өткізді
Тараз гарнизонында Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа мәжілісі өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, министрліктің басшылық құрамы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы құрамалары мен бөлімдерінің басшылары қатысты. Тәжірибеде көшпелі отырыс практикасы алғаш рет енгізіліп отыр. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында өткізіліп жатқаны да жайдан-жай емес. Өйткені, оңтүстік – аса маңызды стратегиялық бағыттардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ Мемлекет басшысының тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында алғашқы алқа мәжілісін өткізуіміз кездейсоқ емес. Себебі, бұл – жауынгерлік, жедел-аумақтық және жұмылдыру жағынан ең ірі құрылым ғана емес, сонымен бірге, Қарулы Күштері геосаяси ауқымда елді қорғау жөнінде жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын маңызды стратегиялық шеп, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне тікелей байланысты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріндегі осы тұстағы мәселелер бүгінгі отырыстың негізгі себебі болды. Осыған байланысты, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы құрамалары мен бөлімдерінің әскери тәртібі мен құқықтық тәртібінің жай-күйі туралы мәселе қарауға ұсынылды. – Ұдайы жауынгерлік әзірліктегі барлық бөлімшелер жедел ден қоюдың ұжымдық күштері режімінде әрекет етуі тиіс. Бұл туралы Жоғарғы Бас Қолбасшы Қарулы Күштердің басшылық құрамымен жуырдағы кездесуі барысында ерекше қадап айтты. Бұл факті басшылықтың Жоғарғы Бас Қолбасшының талаптарына сай келуді ғана емес, жауынгерлік қабілеттіліктің жоғары дәрежесінде болуға міндеттейді, – деп ерекше атап өтті Қорғаныс министрі. Көшпелі алқа мәжілісінің маңызды аспектісі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығын әрі қарай жетілдіру жөнінде өзекті мәселелерді көтеру және шешу болғанын айта кету қажет. Сондай-ақ тәрбие жұмысының функционалдылығы мен пәндік жүйелендірілуін арттыру мәселелері қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді