«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дағдарыстан алып шығатын парламент керек

Дағдарыстан алып  шығатын парламент керек
ашық дереккөз
Дағдарыстан алып шығатын парламент керек

Құдайберген-Бейсембин++++Құдайберген Бейсембин, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жалпы білім беру мамандықтары факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, доцент.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында: «Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз. Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік» деген жолдар бар. Мұндай шынайы сөз, кімді де болса ойландырмай қоймайтыны анық. Өйткені, бұл күнде адамдар бәрін де жаңаша ойлай бастады. Жаңа өмір сапасы қалыптасты. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам басқан тұста Қазақстан әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін серпінді, нақты, қарапайым, парасатты жоспар жасай алды. Ол – Елбасымыз ұсынған Ұлт жоспары: «100 нақты қадам» – бес институционалдық реформа. Осы жыл біз үшін аталған маңызды құжатты жүзеге асырудың тарихи кезеңі. Ал оны тез, тиянақты жүзеге асырудың қажеттілігін көпшілік тұтастай сезініп отыр. Сонымен қатар, жаңашылдықты еңсеруге жаңа күш-қуат, ақыл, білім, қайрат, төзімділік керек екендігін де ел айқын сезінуде. Сондықтан, осы тарихи актіні жүзеге асыру үшін жаңа Парламентке сенім арту керектігін терең сезінген Халық қалаулылары бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің қызметін тоқтатып, сайлау өткізу туралы Президентке Үндеу жариялауы өте дұрыс шешім болды. Біздің жалпы білім беру пәндері факультетінің ұстаздары мен білімгерлері де бұл бастаманы қызу қолдап отыр деп сенімді түрде айта аламын. Бұл – өте дұрыс шешім. Елбасы да өзінің парасаттылығын көрсетіп, сайлау күні де белгіленер. Бірақ, біздің арманымыз, депутаттыққа үміткерлер арасында бес институционалды реформаны жүзеге асыруға қарым-қабілеті мен күш-қуаты, білімі мен парасаты жетерлік азаматтар болса екен деген тілек. Қай уақытта да депутат билік пен халық арасында алтын көпір болған. Қоғам іскер, білімді, беделді мамандарды қалайды. Ал бізде ондай кадрлардың жеткілікті екеніне сенімім мол. Бес институционалды реформаның көздеген мақсаты – осыған апарар жол. Себебі, қазақстандық арман – ХХІ ғасырда дамыған 30 елдің қатарына ену.

Қаратау қаласы.

Ұқсас жаңалықтар