Дүйсенкүл Әбдікерімова, «Алтын алқа» иегері.
«Сайлау болады екен» деген хабар ел ішіне тарап кетті. Біз бұған елеңдеп отырмыз. Қашанда жақсылық хабарға құлағы түрік көпшілік халық қалаулыларын сайлауға әзір ғой. Өйткені қазіргідей дағдарыс деп жатқан уақытта ел өміріне өзгеріс алып келетін депутаттарды қайта сайлап алғанның артығы жоқ дейді көпшілік. Біз аға ұрпақ небір қиыншылықты бастан өткердік. Бейнет еттік, тер төктік. Ұрпақ өсірдік. Енді солардың амандығын тілеп, қиыншылық болмаса екен деп ойлаймыз. Қазір дағдарыс деп жатыр ғой. Біз сондай бір қиындықты көріп отырған жоқпыз. Ел аман, жұрт тыныш. Еңбек етемін дегенге бәрі жетеді. Ынта мен жігер керек. Елбасымыздың айтып жатқаны да халықтың бірлігі артып, дәулеті молайса деген тілек қой. Сол береке, молшылықты орнататын жақсы заман жасай берсін.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




