Саясат
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдау туралы мәлемдемесі
- author «Ақ жол»
- 18 қаңтар, 2016
- 641
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдау туралы мәлемдемесі
Біз, «Ауыл» партиясының мүшелері, депутаттардың Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасына қолдау білдіреміз. Бүгінде барша қазақстандықтардың алдында бес институттық реформа мен еліміздің дағдарысқа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың маңызды міндеттері тұр.
Көздеген мақсаттарға табысты жету жолында мақсатты түрде, алаңсыз жұмыс істеу үшін біз ертеңімізге және жүргізілетін саясаттың болжамдылығына сенімді болуымыз керек.
Біз – шаруалардың, ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің партиясы ретінде мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, жаңа Парламент жасақтау жаһандық дағдарыстан абыроймен шығу үшін және Қазақстанның әрі қарай табысты дамуы үшін жүктелген міндеттерді толыққанды жүзеге асыруға қажетті халық сенімінің мандатын алуға мүмкіндік береді деп санаймыз.
Біз бүгін барша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауын өтікізу туралы бастамасына қолдау білдіруге үндейміз.
Біз мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазіргі аса күрделі кезеңде еліміздің ұйыса түсуіне және Қазақстанымызды дамудың жаңа белестеріне шығаратынына сенеміз.
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




