«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЖОЛДАНҒАН ҮНДЕУДІҢ ЖӨНІ БӨЛЕК

ЖОЛДАНҒАН ҮНДЕУДІҢ ЖӨНІ БӨЛЕК
ашық дереккөз
ЖОЛДАНҒАН ҮНДЕУДІҢ ЖӨНІ БӨЛЕК

23Жайдар Әйтішев, аудандық туберкулезге қарсы аурухананың бас дәрігері, аудандық мәслихаттың депутаты.

Бұл бастама өте орынды деп ойлаймын. Егер Елбасы Мәжілістің жолдаған Үндеуін қабылдаса, ҚР Конституциясы бойынша 2 айдан кейін сайлау өтуі тиіс. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда дағдарыстан шығар жолды ойластырып, осындай тиімді шараларды бірлесе отырып жүзеге асыру – бұл құптарлық жәйт. Сондықтан, Елбасына депутаттардың жария еткен Үндеуі ел үшін маңызы зор екенін атап өткім келеді. Әлемде орын алып жатқан экономикалық дағдарысты еңсеру үшін барлық күш-жігерді 5 институттық реформаны іске асыруға және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүйелі түрде орындауға жұмсау – біз үшін басты міндет. Сондықтан, уақытқа тәуелді болмай, мерзімінен бұрын Парламенттің жаңартылғаны дұрыс-ақ. Дәл қазіргі дағдарыс жағдайында бізге экономикалық мәселелерді май шаммен қарайтын, реформаларды жүйемен жүзеге асыра алатын депутаттар керек. Айта кететін болсақ, қазіргі Мәжіліс өзінің тарихи миссиясын ойдағыдай орындағанын көріп отырмыз. Себебі, бесінші сессия ашылғалы бері 80 заң жобасы қабылданып және жүзеге асырылуда. Дегенмен, әлемде орын алып жатқан өзгерістер елімізге өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруда бұл өте маңызды қадам болып отыр.

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар