Саясат
«Нұр Отан» саяси партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мәлемдемесі
- author «Ақ жол»
- 18 қаңтар, 2016
- 322
«Нұр Отан» саяси партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мәлемдемесі
«Нұр Отан» саяси партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Парламент депутаттарының Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасына қолдау білдіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастар – ел болашағы» деген сөзін біз әрдайым жадымызда тұтып, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы қадамдары қарышты болуына өз үлесімізді қосып келеміз. Біз, Елбасы сенім артқандай, білімді, білікті, отаншыл азаматтар болу үшін аянбаймыз.
Еліміз біздің азат елдің арқалы азаматтарына айналуымызға бар қамқорлықты жасап отыр. Заманауи білім ордалары мен денсаулық сақтау нысандары салынып, олар соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылуда. Жастардың әлемнің әр қиырындағы ең үздік оқу орындарында алаңсыз білім алуына толық мүмкіндік жасалған. Біз ертеңімізге сеніммен қараймыз.
Әлемдік экономикадағы қиындықтарға алдын ала лайықты жауап берген Қазақстан бұл кедергілерден тың қуатпен, жаңарған ел ретінде шығарына сенімдіміз.
Жаһандық дағдарыстың жаңа толқынын абыроймен еңсеру үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы саясатын және мемлекетімізді жаңғыртуға серпін беретін 5 институттық реформаны іске асырудың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындауға жаңадан сайланған Парламент сүбелі үлес қосады деп санаймыз.
Біз, «Жас Отан» жастар қанаты, еліміздегі ең ірі жастар ұйымы ретінде барша қазақстандық замандастарымызды маңызды бастамаға үлес қосуға шақырамыз.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді