«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ғылым мен өнер – дүниенің кілті

Ғылым  мен  өнер – дүниенің кілті
ашық дереккөз
Ғылым мен өнер – дүниенің кілті

Мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындап берген Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары ел өміріндегі ерекше саяси оқиғаға баланды. Бұл – дер кезінде қабылданған реформа. «Нұрлы жол» бағдарламасы енді «100 нақты қадаммен» толығып отыр. Бес бағыттағы Ұлт жоспары – кемел келешегіміздің кепілі. Әрине, кез-келген мемлекеттің халқы өз заңына, индустриялық қуаты мен экономикалық өсіміне, біртектілік пен бірлігіне сенуі қажет. Сонда ғана ол бөлінісі ортақ, құндылығы бір қуатты мемлекетке айналады. Ұлт жоспарының Біртектілік пен бірлік деп аталатын бағыты жалпы идеология саласына, соның ішінде, әдебиет пен өнер, оқу мен ғылымның интеграциясына қатысты. Әсіресе, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі рухымызды асқақтатып, мерейімізді асыратын ұлы арна болмақ. Мемлекетімізді нығайту, көркейту жолындағы мұндай жобаларды кезінде алаш арыстары да ұсынған болатын. Бүгінгі мәселе сол жобаларды бір ғасырдан астам уақытта қаншалықты жүзеге асыра алғандығымызда. 85-қадамда «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу» қажеттілігі айтылды. Мемлекеттігіміздің мәңгілік болуының алғы шарттарының бірі – тұтастығымызды сақтау. Елбасының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» атты өте ауқымды бес реформасын жүзеге асыруды көздейтін 100 қадамды Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосатын маңызды жоспар деуге болады. Ел дамуының осы өте ауқымды жоспары бедерленген реформаның төртінші қағидаты «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын бағыттағы 85-қадамы қоғамда үлкен серпіліс туғызады деп ойлаймын. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің жобасын әзірлеудің бүкіл халқымыз үшін мәні зор. Нағыз отансүйгіштік, елдік тұрғыдағы ізгі қасиеттер мен рухани-мәдени құндылықтар қамтылатын бұл ұлттық жобаны әзірлеу ісіне отандық гуманитарлық саладағы ғалымдар, соның ішінде, әдебиеттану, өнертану ғылымдары өкілдері де кең ауқымды ізденістер жүргізіп, белсене қатысуы тиіс. Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жүйесі мен жолдарын көрсетіп берді деуге негіз бар. Өйткені, аталмыш жоспарда кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың тетіктерінен бастап, есеп беретін мемлекетті қалыптастырудың нақты қадамдары көрсетілген. Соның ішінде 64-қадамда айқындалғандай, алдағы уақытта әзірленетін Заңда жас ғалымдарға ерекше назар аударылса екен дейміз. Өйткені, Қазақстан интеллектуалдық потенциалы аса жоғары жастарын өз деңгейінде пайдалана алмай келеді. Мысалы, бір ғана «Болашақ» бағдарламасымен бітіріп келген 8000 түлектің тек 6 пайызы (384-і) ғана мемлекеттік қызметте еңбек етуде. Басым бөлігі нарық заманының ыңғайына көніп, басқа да түрлі салаларда жұмыс істеп жүр. Біздіңше, шетелдің озық ғылыми мектептерінде тәрбие алған білікті жастарды ғылымға тартуды ойластырған жөн секілді.

Ақжан Ахметов, аудандық «Жастар орталығының» қызметкері.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар