«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Аққұм» үздік атанды

«Аққұм» үздік атанды
ашық дереккөз
«Аққұм» үздік атанды

Бастауыш партия ұйымдары бүгінде «Нұр Отан» партиясының негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды десек артық айтқандық емес. Сондықтан болса керек, өткен жылды партия бастауыш партия ұйымының жылы деп жариялап, осының аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Солардың бірі – «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы. Шараның басты мақсаты – еліміз бойынша үздік бастауыш партия ұйымын анықтау және олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарында тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну, білікті және белсенді бастауыш партия ұйымы төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру және қоғамдық қабылдаулар жұмысын жетілдіру мен партия қызметіне қоғамдастықтың назарын аудару. Байқау үш кезеңнен құралып, партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс, БПҰ жетекшісін бағалау сынды жеті талап бойынша жүргізілді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында 399 бастауыш партия ұйымы бар. Солардың арасынан 30 бастауыш партия ұйымы іріктеліп, облыстық байқауда бақ сынады. Содан оза шыққан 3 жеңімпаз ұйым республикалық сайысқа жолдама алған болатын. Республикалық байқауға 5000-нан астам БПҰ қатысып, оның ішінде 16 БПҰ іріктеліп алынды. Олардың қатарынан біздің облысымыздан Талас ауданының «Аққұм» бастауыш партия ұйымы да көрінді. Байқау қорытындысы бойынша аталған бастауыш партия ұйымы «Үздік бастауыш партия ұйымы» аталымы бойынша бірінші орынды иеленді. Ұйымның жетекшісі – «Төлебай» шаруа қожалығының төрағасы Арқабек Төлебаев. Республикалық додада облысымыздың мерейін үстем еткен бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қолынан «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» дипломы және 700000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бұл марапаттың партия облыстық филиалының беделін арттырумен қатар, «Аққұм» бастауыш партия ұйымының да белсенді жұмысын өзгелерге үлгі етері даусыз.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар